2022 жылдың 29 қыркүйек күні Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі студенттері арасында колледж кітапханасының ұйымдастыруымен «Өзімоқыпшықтым, сағаноқуғакеңесберем» тақырыбында Библио-кросс болып өтті. Колледж студентері назарына кітапхана қорындағы көркем әдебиеттер, поэзия, проза жанрындағы ақын-жазушылар шығармалары ұсынылды.

НО-20-0 оқу тобының студенті Абубакирова Назерке ақиық ақын М.Мақатаевтың поэзиясының сүйікті оқырманы екендігін айтып, «Жырлайды жүрек» жыр жинағынан «Өмір жайлы» өлең жолдарын оқып , ақын шығармашылығын өзге оқырмандарға оқуға шақырды.

ЗТ-22-0 оқу тобының студенті Күншығар Дамир көрнекті жазушы, Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі өмірбаяндық жайттар, патриотизм, ерлік, достық еңбекқор ауыл адамдары туралы әңгімелерден жақсы әсер алғанын айта келіп, оқырмандарды осы шығарманы оқуға шақырды.